Қыркүйек айының 25-сі мектебімізде Ауыл олимпиадасының ашылуы болды. Аталған бастама қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған.Олимпиадаға ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатыса алады. Мұндағы мақсат – еліміздің шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтап, дамыту, халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру. Оқу ісінің меңгерушісі Исабекова С.Р. ережесімен таныстырып, қатысатын оқушыларға сәттілік тіледі.
Жаңалықтар
Ауыл олимпиадасы
Қаралды: 10





